Дубайда Юрий Гагариннің ғарышқа ұшқанына 60 жыл болуына орай ғарышкердің портреті Бурдж-Халифа ғимаратының қасбетінде 3 минут көрсетілді, - деп хабарлайды Shymkentaqparat
"СССР" жазуы бар скафандр киген Гагариннің суретімен бірге ғимаратта бірнеше тілде қандай күн екені жазылған мәтін пайда болды.
Әлемдегі ең биік Бурдж-Халифа ғимаратының биіктігі - 828 метр. Онда 163 қабат бар.
Айта кетейік, 1961 жылы 12 сәуірде адамзат тарихында алғаш рет кеңес ғарышкері Юрий Гагарин "Восток-1" ғарыш кемесімен ғарышқа ұшты. Ол жер шарын бір сағат 48 минутта айналып өтіп, Ресейдің Саратов облысындағы Смеловка ауылы маңына қонған еді.