Шымкент қаласы әкімінің бұқаралық спортты дамыту және жастарды салауатты өмір салтына баулу жөніндегі тапсырмасы бойынша Еңбекші ауданында биыл 18 спорт алаңшасы пайдалануға берілді.
Тұрғындар игілігі үшін салынған алаңшалардың 16-сы бюджеттен қаралса, 2-і демеушілер есебінен салынған.
Спорт алаңшаның 6-ы шалғай елді мекенде, 4-і жеке секторда және 8 алаңша көпқабатты тұрғын үйлердің ауласында орналасқан.
Ауданда тағы бір спорт алаңшасы пайдалануға беріліп отыр.
Қарабастау тұрғын алабының жаңақұрылыс аймағында орналасқан көпсалалы спорт алаңшасында кіші футбол, волейбол және баскетбол ойнауға мүмкіндік бар. Одан бөлек, «Street workout» пен тренажер элементтері де жасақталған.