Ата Заңымызда «биліктің қайнар көзі – халық» деп көрсетілген. Еліміздің болашағы қандай боларын халықтың өзі шешеді. Ал, халықтың өз билігін жүзеге асуының ең жарқын көрінісі сайлау. Бүкіл халық сайлаған, жалпыхалықтық қолдауға ие болған Президент қана Қазақстанды жарқын болашаққа жетелей алады. Сондықтан 20 қараша күні өтетін Президент сайлауы үлкен маңызға ие.
Биылғы сайлау ерекше. Өйткені алты үміткердің екеуі қарындастарымыз. Бұл жүрекке ерекше жылу ұялатты. Өйткені әйел адамдарын бала тәрбиесі, аналар жағдайы көп алаңдатады. Олай болса, әрбіріміз еліміздің болашағы үшін дауыс беруге баруымыз керек. Өз тағдырымызды өзіміз шешуге үлес қосайық.
Шалатай МЫРЗАХМЕТОВ,
Шымкент қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі,
Мемлекет және қоғам қайраткері