8 сәуірден бастап банктердің «қара тізіміне» енгендердің қайтадан несие ала алады, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Енді қайтару мерзімі 90 күннен асқан кредиттер «қалыпқа келтірілді» деген мәртебе алады. Кредит алу үшін қойылатын басты талап: несие жабылған кейін тура 1 жыл өту керек. Оған қоса, осы аралықта басқа проблемалы қарыздар болмауы тиіс.
Несиені рәсімдеу үшін арнайы құжаттар керек емес. Кредиттік бюро мәселені өздігінен реттейтін көрінеді. Бұған дейін «қара тізімге» іліккен азаматтар тәуекелі жоғары деген санатқа жататын. Сондықтан оларға ешқандай несие берілмейтін.
Ал қарызын әлі төлеп бітпегендер үшін сотқа дейінгі реттеудің жаңа жолдары қарастырылмақ. Екінші деңгейлі банктер әр адамның төлем қабілетін есептеп, оны біртіндеп жабуға мүмкіндік беретін кесте жасайды.