Энергетика басқарма басшысы Қайнарбұлақ тұрғындарымен кездесті

Энергетика басқарма басшысы Қайнарбұлақ тұрғындарымен кездесті

Қазіргі уақытта Қайнарбұлақ тұрғын алабындағы ең өзекті мәселе – сапалы электр қуаты.

Қайнарбұлақтықтар жекенің трансформаторынан электр қуатын тұтынады. Сол себепті де, аталған тұрғын алапта жарықтың сөнуі жиі орын алып, халықты әбігерге салып жатыр.

Осыған орай, басқарма басшысы Боранбай Булатбеков тұрғындармен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

2021 жылы Қайнарбұлақ тұрғын алабын сапалы электр қуатымен қамту мақсатында құрылыс жұмыстары басталған болатын. Бүгінде құрылысы жалғасып, қарқынды жүргізіліп жатыр. Жоспарға сәйкес, жұмыстар 2022 жылы толығымен аяқталып, пайдалануға берілетін болады.

Сондай-ақ, тұрғындардың өтініші бойынша, ескірген жеке трансформатор аз уақыт ішінде ауыстырылатын болады.

Бұл туралы басқарма басшысы тұрғындармен кездесу барысында айтып өтті.