Қаладағы №2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының ұйымдастыруымен өткен сайыста «Бәйшешек» пен «Қызғалдақ» командалары жарысқа түсті, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Спорттық іс-шараның мақсаты – мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын сақтап, әлеуметтік жағдайын жақсартуға және салауатты өмір салтын ұстануға айрықша назар аудару дейді ұйымдастырушылар.
«Шынықсаң -шымыр боласың» тақырыбындағы сайыс орталықта ем қабылдаушылардың психикалық жай-күйі ескеріле отырып, қабілеттеріне қарай ұйымдастырылды.
Қатысушылар жүгіру эстафетасы, қаппен секіру, туннельден өту, арқан тартыс және әр топтың спорттық биі орындалды. Сайыс нәтижесі бойынша «Бәйшешек» тобы жеңіске жетті. Тартысқа толы өткен спорттық жиында барлық қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Айта кетсек, аталған орталықта 18 ден асқан, психоневрологиялық ауруы бар 1 және 2 топ мүгедек азаматтарға арнаулы әлеуметтік қызмет түрлері көрсетіледі.