«Farabi offline: Парақtimes» кітап жәрмеңкесі басталды

«Farabi offline: Парақtimes» кітап жәрмеңкесі басталды

Бүгін Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы мен «Серпіліс» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Farabi offline: ПАРАҚTIMES» кітап жәрмеңкесі басталды, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Кітап жәрмеңкесінде балалар әдебиетін насихаттау мақсатында кітап кейіпкерлерінің шеруі, балалар ойындары мен байқаулар, ақын-жазушылардың кездесуі өтті. Сонымен қатар, Шымкент қаласында жаңадан ашылған отбасылық кітапхананың тұсаукесері ұйымдастырылды.

Жәрмеңкеге республикаға белгілі балалар жазушылары Серікбол Хасан, Саят Қамшыгер, Дәркен Танабаев арнайы келді. Бұған қоса, ақын Нармахан Бегалы, Сарманбай Исақ, Сая Қасымбек сынды танымал жергілікті қаламгерлер қонақ болды.

Айта кетейік, жәрмеңкеге республикалық «Фолиант», «Қазақ университеті», «Қазақ энциклопедисы», «Қазына» кітап үйі, «Қасым» баспа үйі, «Книжный клуб», «Отбасы хрестоматиясы», «SteppoWorld», «Қызмет», «Самға» баспасы және де қалалық кітапханалар қатысуда.

Жәрмеңке 28-29 мамыр күндері аралығында Арбатта өтеді.