Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры ІХ Халықаралық фестивальде ерекше өнерімен көрерменді тәнті етті. «Ұлпан» шығармасын 27 жылдан кейін жаңаша форматта қайта сахналанған театр ұжымы өткен мен бүгіннің байланысын сақтаған. Шығармадағы кейіпкерлердің образы тек автордың суреттеуімен шектелмей, режиссер әр детальға мән беріп, әр көрініске жан бітірген. Ғабит Мүсіреповтің қаламынан туған, қазақ әдебиетінің інжу-маржаны Ұлпанның жас кезін Рабина Белгібаева сомдаса, есейген шағын - Толқын Нұрбекова алып шықты.
Ал, қоюшы режиссер - Мәскеудегі Вахтангов театрының режиссері Гүлназ Балпеисова. Шетелден арнайы шақыртылған маманның өзгеше көзқарасына труппа алғашында қарсы да болыпты.
- Өйткені, сол заманның еншісіндегі дүниені бүгінгімен байланыстыруды қабылдамадық. Бұл актерлар мен көрермен үшін перформанска толы болғанын жасармаймыз. Себебі, спекталь заманауи форматта сахналанды. Мәселен, бетперде киген, ролик тепкен кейіпкерлер, рок бағытындағы әуендер және ерекше декорация. Осының барлығы бір сахнада әдемі үйлесім тапты,-дейді Толқын Нұрбекова.
3,5 сағатқа созылған «Ұлпан» қойылымында қазақ
халқының тыныс тіршілігін сипаттайтын жер дауы, жесір дауы, әменгерлік, барымташылық, қыз айттыру, қалың мал беру, жарлы мен жақсының күрес тақырыптары көтерілген. Бұл жолы өзгеше талғам мен көзқарас, ерекше коллаборация, қайталанбас образдар ұштасқан өнер туындысына, «әлемдік сахналарды мойындатын спектакль» деп баға берді көрермен.
Шымкент келбеті