Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) жыл соңында жапониялық Риото Муратаға (16-2, 13 КО) қарсы жекпе-жек өткізуі мүмкін, - деп хабарлайды Shymkentaqparat тілшісі Sports.kz-ке сілтеме жасап.
DAZN тілшісі Крис Мэнникстің айтуынша, тараптар қазір жекпе-жек туралы келіссөз бастады. Ал жекпе-жектің өзі Жапонияда 31 желтоқсанға жоспарланған.
Бұл ақпаратты Головкинмен бірге жұмыс істейтін промоутер Эдди Хирн растады. Бұл ретте Matchroom Boxing басшысы қазақстандық боксшы жазда орта салмақтағы тағы бір чемпион - WBO белбеуінің иегері америкалық Деметрис Андрадемен (30-0, 18 КО), ал қыста Муратамен жекпе-жек өткізеді деп үміттеніп отыр.
Айта кетсек, Головкин былтыр желтоқсанда АҚШ-та поляк Камил Шереметаны (21-1, 5 КО) нокаутқа түсіргеннен бері рингке шықпады. Сол кезде ол 21-рет әлем чемпионы атағын қорғаған болатын