Қаладағы 326-шы референдум учаскесі қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр. 2608 адам тіркелген учаске өз жұмысын сағат 7:00-де бастаған. Сағат 9:00-дегі есеп бойынша 30 адам дауыс беріп үлгерген. Дегенмен қазіргі уақытта дауыс беремін деушілердің қарасы көп.
-Учаскеде дауыс беруге азаматтар көтеріңкі көңіл- күймен келуде. Маңызды шешім қабылданатын күні халықтың белсенділігі жоғары. Үкіметтің шешімді халық үніне құлақ аса отырып шешетіндеріне дән ризамыз, - дейді тәуелсіз бақылаушы, "Ғаламат" қоғамдық бірлестігінің мүшесі Марина Нұраева.
Референдум комиссиясының төрағасы Серікбай Бердібековтың мәліметі бойынша учаскеде 7 комиссия мүшесі, 6 бақылаушы жұмыс істейді. Сонымен қатар, учаскеге қателесіп келген дауыс берушілерге нақты ақпараттық қызмет көрсетілуде.
«Шымкент келбеті»