Халықтың 31 пайызы бұқаралық спортпен айналысады

Халықтың 31 пайызы бұқаралық спортпен айналысады

Шымкент бұқаралық спортты дамытуға жүйелі жұмыстар қолға алынып, алғашқы жартыжылдығының қорытындысы бойынша бұқаралық спортпен қамтылған азаматтар саны 340 мыңнан асқан. Бұл қала тұрғындарының 31,2 пайызын құрайды, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Тұрғындардың бұқаралық спортпен айналысуы үшін шалғайда жатқан шағын аудандар мен тұрғын алаптарда 115 әмбебап спорт алаңшасы ашылды. Көп қабатты тұрғын үйлер бойынша 101 аула жаңартылып, спорттық сайыстар өткізетін орын ретінде жасақталды.

Шаһарда бұқаралық спортты дамытудың бір бағыты мектеп оқушылары мен студенттер арасында ұйымдастырылатын лига болды. Бұл жас ұрпақтың денсаулығын қамтамасыз етіп қана қоймай, суицидтік құбылыстар, нашақорлық және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық сияқты көптеген әлеуметтік мәселелерді шешеді.

Осы мақсатта қалада «Жастар лигасы» спорт ойындары өткізіліп, оған қаладағы әр мектептен 536 команда қатысты, жастар спорттың төрт түрінен сайысқа түсті

Ал жастарды спортқа баулу үшін спорт үйірмелеріне қосымша 4 мыңнан астам бала қамтылып отыр.