Инновациялық жобалар байқауының қорытындысы шықты

Инновациялық жобалар байқауының қорытындысы шықты

Шымкентте «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2 млн-нан 5 млн. теңгеге дейінгі гранттар беру бойынша жобалар байқауы өтті, деп хабарлайды Shymkentaqparat

29 сәуір және 4 мамыр аралығында конкурстық комиссияның қарауымен 183 кәсіпкер өз жобасын қорғап шықты. Нәтижесінде, 4 кәсіпкердің жобасы комиссияның оң бағасын алды.

Грантқа ие болған 4 кәсіпкердің жобасы:

– Үй жағдайындағы стационар ашу (көп балалы ана);

– Ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестерін жаппай аулауға арналған желім тұзақтарын өндіру;

– Қорғалған жерде қияр, бұрыш және баклажан зиянкестеріне қарсы «Amblyseius swirskii» және «Amblyseius californicus» жыртқыш кенелерін өсіру, сату;

– Кәсіпорынды өнеркәсіптік автоматтандыру үшін «Дойыр» контроллерлерінің құрастыру желісін іске қосу. Бұлардың әрқайсысына 5 млн. теңгеден қарастырылған.

Ескеретін жайт, грантқа қол жеткізген кәсіпкерлерге мониторинг жүргізіледі. Егер қаржыны мақсатсыз пайдаланса, бюджетке қайтарылады.

Комиссия төрайымы Айжан Наимбекова өтінімдерді қарау кезіндегі критерилерге тоқталды.

Аталған жоба аясындағы байқауда қатысушының бизнес-идеяларының жаңашылдығы, бәсекеге қабілеттілігі мен қолданысқа енгізуге дайындығы бойынша сараладық. Бір байқағаным – үміткерлердің 80 пайызының бизнес жоспары мардымсыз. Бір-бірін қайталау немесе даму сатысы жоқ. Бұл кемшіліктер байқаудың ІІ кезеңінде қайталанбаса деймін. Яғни, қатысушылар өз бизнесінің жаңашылдығы мен бәсекеге қабілеттілігін мұқият саралауы керек, – деді Айжан Ізбасханқызы.

Еске салсақ, «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы инновациялық жобалар байқауының екінші кезеңі осы жылдың шілде айында өтеді.

Фото – Ернар Мамыр