Бұл жолы ауыл шаруашылығы саласында 2021-2025 жылдар аралығында іске асырылатын жобалар, жаңа инвестициялар тарту және инвестициялық жобалардың өзекті мәселелері талқыланды, деп хабарлайлы Shymkentaqparat
Бүгінгі штаб отырысына ҚР Парламент Сенатының депутаттары Нұрлан Бекзаназаров пен Айгүл Қапбарова, сондай-ақ, басқарма басшылары, инвесторлар қатысты.
Қалалық ауылшаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы А.Қаныбековтің мәлімдеуінше, ауыл шаруашылығы саласында 2021-2025 жылдары 71 инвест жобаны іске асыру көзделген. Өсімдік шаруашылығы бойынша – 19, мал шаруашылығы – 34, қайта өңдеу – 8, сауда – 10 жоба. Осыған орай 12,7 мың жұмыс орны ашылады.
2021 жылы 32 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Атап айтқанда, өсімдік шаруашылығы – 7, мал шаруашылығы – 17, қайта өңдеу – 3, сауда саласында – 4 жоба. Айта кетсек, жылыжай бағытында «Agro Park kz» ЖК, «Nur Alem Agro» ЖШС, «AiDi Agro Trade» ЖШС 2021-2022 жылдары әлеуетті инвест жобаларды қолға алмақ.
Етті-сүтті бағытта биыл «Зертас» ШҚ кеңейту, «Наурыз» ЖШС, «Алтынсай» және тағы басқа шаруа қожалықтарын одан әрі дамыту көзделіп отыр.
Сонымен қатар, жиында көпқабатты тұрғын үй, бизнес орталықтары, сауда орындары, өнеркәсіп салалары бойынша жаңа жобалар ұсынылды. Бұл жөнінде «Shymkent» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасы Б.Канкин мен кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Б.Дүйсебеков баяндады.
Штаб отырысында инвестиция тарту бағытында жер телімдерін рәсімдеу, инфрақұрылым жүргізу мәселелері талқыға түсті.