Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Сайман Корпорациясы» өнімдерінің таныстырылымына қатысты, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Аталған зауыт Қазақстандағы электр энергиясын есептеу құралдарын өндіретін жетекші кәсіпорын.
Әкім назарына кәсіпорынның электронды электр және газ есептегіштерінің, ток трансформаторларының, электр энергиясын өлшеудің ішкі және сыртқы шкафтары, панельдік жабдықтар, жарықдиодты өнімдер, электр энергиясын есептеудің автоматтандырылған жүйесі мен сыртқы жарықтандыруды басқарудың автоматтандырылған жүйесі ұсынылды.
Әрдайым отандық өнімді қолдайтынын алға тартқан М.Әйтенов шаһардағы кәсіпорындар мен мекемелерге Сайман Корпорациясының өнімдерін ұсынатынын жеткізді.
Айта кетсек, «SAIMAN» құрал өндіру зауыты Алматы қаласында орналасқан. Компания өз қызметінің 29 жылдан астам тарихында нарықта сенімді серіктес-өндіруші, өлшеу аспаптары мен энергия ресурстарын есепке алу бағдарламалық жасақтамасын жеткізуші ретінде беделге ие болған.