Ақпараттық коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингте Денсаулық сақтау басқармасы басышы Шымкентте COVID-19 індетін жұқтыру фактілері көбейіп, соңғы бір айда вирус жұқтырғандардың саны 31 пайызға жеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Басқарма басшысының сөзінше, жыл басынан бері 10 264 адамнан коронавирус анықталып, тіпті соңғы айда індеттен көз жұмғандар саны артқан.
–Қазірде жұқпалы және карантиндік ауруханаларда 1 263 науқас ем қабылдауда. Аурухана толымдылығы 58% құрайды. Өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырған 342 жағдай тіркелді. Қазір ауруға шалдыққан науқастардың саны күрт көбейген. Өкінішке қарай, қалада жыл басынан бері 191 науқас қайтыс болды. Қайтыс болғандардың барлығы вакцина алмаған,-деді Б.Позилов.
Қазір қалада коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастарды емдеуге арналған 2 196 төсекорын бар. Эпидемиялогиялық жағдай өршігенде, инфекциялық төсек орындар саны бес мыңға дейін көбейтіледі. Бұл үшін медициналық мекемелерде дәрілік қормен және қажетті жабдықтармен қамтылған.