Қала әкімдігі БАҚ-ты қолдауды тоқтатпақ емес

Қала әкімдігі БАҚ-ты қолдауды тоқтатпақ емес

Мемлекет басшысы бұқаралық ақпарат құралдарының маңызын атап өтіп, журналистерді түрлі саяси кландардың тапсырысымен біржақты ақпарат таратпауға шақырды.

Актив отырысында Шымкент қаласы ақпарат құралдарын қолдау үшін биыл 946 млн теңге мемлекеттік ақпараттық тапсырыс орналастырылғаны мәлім болды.

Қала басшысы жергілікті билік журналистерді қолдауды тоқтатпайтынын айтып, халықтың жан-айқайын билік өкілдеріне жеткізуде ақпарат құралдарының маңызы зор екенін атап өтті.

«Төртінші биліктің кейбір өкілдерінің наразылықтарды ұйымдастыруға себеп болып жүргенін көріп қаламыз. Мұндайға жол беруге болмайды. Қала әкімдігі қаладағы барлық проблемадан хабардар және әрбір мәселені шешу бойынша нақты жоспары бар. Өтімді материал беру үшін хайп қуып, «түймедейді түйедей етіп көрсетудің» қажеті жоқ. Журналистерден кез келген мәселені ашық әрі бейтарап көрсетіп, жан-жақты пікірлерді қамтуға шақырамын»,-деді әкім.

Мұрат Әйтенов бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқанға үкіметтік емес ұйымдар мен ақпарат құралдарын одан әрі дамыту үшін нақты ұсыныстар енгізуді тапсырды.