​ҚАЛА МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ ҚАРАТАУ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

​ҚАЛА МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ ҚАРАТАУ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚАЛА МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ ҚАРАТАУ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов, Қаратау ауданының әкімі Рақымберді Мүлкеманов Қаратау ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді. Сайрам елді мекеніндегі мәдениет үйінде өткен жиында қала мәслихаты, аудан әкімдігі тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар баяндалып, тұрғындардың талап-тілектері тыңдалды. Есепті кездесуге тұрақты комиссиялардың төрағалары, Қаратау ауданынан сайланған мәслихат депутаттары, басқарма өкілдері қатысты.

Қала мәслихатының төрағасы алдымен 2024 жылы ауданда жүзеге асқан жұмыстарға жан-жақты тоқталды. Мәслихаттың негізгі функцияларының бірі – қала бюджетін бекіту, нақтылауда тиісті жұмыстар атқарылғанын, соның негізінде көптеген мәселелер шешімін тапқанын айтты.

– Сегізінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының 2024 жылы 10 сессиясы өтті. Түрлі салалар бойынша маңызды мәселелерді реттейтін 65 шешім қабылданды. Әрбір шешім қабылдауда депутаттар өз округінің өзекті мәселелерін, сайлауалды бағдарламасын және Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарын негізге алып, қаланың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамыту, тұрғындардың жағдайын жақсарту, қолайлы орта қалыптастыру бағытында жұмыс атқарды. Жыл қорытындысы бойынша қаланың негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінде динамикалық оң өсім қалыптасып отыр, – деді қала мәслихатының төрағасы.

Ауданда қордаланған мәселелер рет-ретімен шешіліп келеді. Аудан әкімі Р.Мүлкеманов барлық сала бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардан хабардар етіп, 2025 жылғы жоспарлармен таныстырды.

Жиында тұрғындар тарапынан Сайрам тұрғын алабына жастар орталығын салу, жолдарды асфальттау, балалар ойын алаңын, аяқжол салу мәселелерін көтеріп, өз өтініштерін жеткізді. Қала мәслихатының төрағасы, аудан әкімі тұрғындардың сауалдарына жан-жақты жауап берді.

«Шымкент келбеті»