Қала жастары этномұражайға экскурсия жасады

Қала жастары этномұражайға экскурсия жасады

Еңбекші ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастар этномұражайға экскурсия жасады.

Іс-шараның мақсаты қаламыздағы түрлі этнос өкілдерін қазақтың ұлттық салт-дәстүрімен, мәдениетімен таныстыру. Сонымен қатар этносаралық татулықты нығайту болып табылады.

Экскурсия барысында Шымкент қаласы Ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің жанынан құралған 17 этномәдени бірлестіктің салт- дәстүрлерімен байланыстырылған ұлттық жәдігерлері орналасқан этномұражайы жайлы таныстырылды.