Қаратау ауданында қардан тазарту жұмыстары жүргізілуде

Қаратау ауданында қардан тазарту жұмыстары жүргізілуде

Шымкент қаласының Қаратау ауданы аумағында да қардан тазарту жұмыстары атқарылуда. Орталық көшелердегі аяқ жолдар, аялдамалар мен ішкі аулаларда тұрғындардың қауіпсіз қозғалысы қамтамасыз етілуде.

Санитарлық тазалық жұмыстарына жауапты - “Жасыл жер” ЖШС.

Жалпы аудандағы тазалық жұмыстарына 45 техника және 180-нен астам қызметкерлер жұмылдырылған.