​Қаратау ауданында “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы өтті

​Қаратау ауданында “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы өтті

Шымкент қаласының Қаратау ауданында “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында кең көлемді сенбілік ұйымдастырылды. Шараға аудан әкімдігі мен коммуналдық қызмет мамандарынан бөлек, жергілікті тұрғындар да белсенді түрде атсалысты.

Іс-шара барысында Шым Сая шатқалы аумағында тазалық жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстарға 12 арнайы техника мен 40 жұмысшы жұмылдырылды. Олар қураған шөптерді шауып, үлкен жол жиегін, жаяу жүргіншілер жолдарын және қоғамдық орындарды қоқыстан тазартты.

Аудан тұрғындары да тазалық шарасына өз үлестерін қосып, туған өлкенің табиғатын қорғауға үлгі көрсетті.

“Шымкент келбеті”