Қазақстан бай адамдар саны бойынша топ-10 елдің қатарына кірді

Қазақстан бай адамдар саны бойынша топ-10 елдің қатарына кірді
Қазақстанда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен тұрғындар саны 20 пайызға артты. Сонымен қатар, Қазақстан бай адамдар саны бойынша топ-10 елдің қатарына кірді, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Бұл туралы Finprom.kz аналитикалық портал зерттеуінде айтылған.

2020 жылдың төртінші тоқсанында табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен үй шаруашылықтарының саны 12 пайызға, 140,6 мыңға дейін артты. Онда 858,5 мың адам тұрады. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 20,1 пайызға көп.

Портал мәліметіне сүйенсек, бір жыл бұрын елде осындай төмен кірісі бар 125,5 мың үй болған (жылына 10,2 пайыз). Соңғы жылдары көрсеткіш артқан, дейді сарапшылар.

Сонымен қатар, елдегі ең кедей үй шаруашылықтар саны 4,6 мың (жылына 49,5 пайыз). Онда 28 мыңнан аса адам тұрады (жылына бірден 84,2 пайыз).

Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасының көпшілігі Түркістан облысында тұрады - 19,9 пайыз немесе 27,9 мың үй шаруашылығы. Осыған қарамастан, бір жыл ішінде аймақта мұндай отбасылардың саны жылына 12,2 пайызға азайды. Мұнда кедейлік шегінен төмен өмір сүретін халықтың ең көп үлесі - 10,3 пайыз. Ал ел бойынша орташа көрсеткіш 4,6 пайыз (бір жыл бұрын - 3,8).

Аутсайдер үштігіне Алматы қаласы да кірді - 15,5 мың отбасы, 2019 жылмен салыстырғанда бірден 2,8 есе көп, Шығыс Қазақстан облысы - 11,6 мың отбасы, 2,2 пайызға азайған.

2020 жылдың төртінші тоқсан қорытындысы бойынша 768,9 мың адам бес және одан да көп адам тұратын үй шаруашылығында, 53,3 мың адам төрт адам тұратын үй шаруашылығында, 30,8 мың адам үш адам тұратын үй шаруашылығында өмір сүреді.


Қазақстан АҚШ-ты басып озып, ең бай адамдар көрсеткіші бойынша әлемдегі топ-10 елдің қатарына кіріп үлгерді.

Statista.com мәліметі бойынша, пандемияға қарамастан, бүкіл әлемде бай адамдар саны артқан. UHNWI-дің халқы (30 миллион доллар немесе одан да көп байлығы бар адамдар) соңғы 12 айда 2,4 пайызға өсіп, қазіргі уақытта 520 мыңнан аса адам болған. 2025 жылға дейін UHNWI саны тағы 27 пайызға артады деп күтіледі. Қазақстанда бай адамдар саны 33 пайызға көбейеді деген болжам бар.