​Қазақстан олимпиадашыларының жаңа нышанын әзірлеуге байқау жарияланды

​Қазақстан олимпиадашыларының жаңа нышанын әзірлеуге байқау жарияланды

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті еліміздің олимпиадашыларының нышанын әзірлеуге ашық байқау жариялады, деп хабарлайды Shymkentaqparat тілшісі Olympic.kz-ке сілтеме жасап

Графикалық кескін-логотипін және "TeamKZ" қаріптік жазуын дайындауға арналған конкурсқа қатысуға барлық тілек білдірушілер шақырылады. Байқауға жұмыстарды қабылдау 21 сәуірден басталып, 2 мамырға дейін жалғасады. Байқаудың жүлде қоры 1 миллион теңгені құрайды.

Жеңімпазды анықтау үш кезеңнен тұрады. Байқау жұмыстарының алғашқы іріктеуін ҰОК комиссиясы өткізеді, оның құрамына Олимпиадалық комитеттің қызметкерлері, спортшылар, жаттықтырушылар өкілдері мен дизайнер кіреді.

Екінші кезеңде 4-5 мамырда Olympic.kz сайтында дауыс беру арқылы жүргізіледі. Онда жанкүйерлер үздік жұмыстардың қысқа тізімін анықтауға көмектеседі. Үшінші кезеңде 6-8 мамыр аралығында іріктелген байқау жұмыстары Қазақстанның ұлттық командаларының спортшыларына және олимпиадалық спорт түрлері бойынша ұлттық федерацияларға жіберілетін болады. Әр команда мен федерациядан бір дауыс есептеледі. Көп дауыс жинаған жұмыс байқау жеңімпазы атанады.

Тағы бір мақсат - жасампаз жастарды, дизайнерлер мен суретшілерді қолдау. Жазғы Олимпиада ойындары биыл, ал қысқы Олимпиада ойындары келесі жылдың басында өтетіндігін ескерсек, жарыстың маңызы арта түседі.

Нәтижелер 11 мамырда www.olympic.kz сайтында жарияланады. Бірінші орын алған байқау жұмысы үшін автор 700 мың теңге алады. Сондай-ақ 150 мың теңгенің екі ынталандыру сыйлығы бар.

Қатысушылар үшін - Байқау туралы ережені Қазақстан ҰОК сайтында Конкурстың арнайы бөлімінде табуға болады.