Бұл жөнінде энергетика вице-министрі Қайрат Рахымов мәлімдеді, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Вице-министр өткен жылы энергия өндіруші 45 ұйымның 37-сі электр өндірудің шекті тарифын қайта қарауға өтінім берген.
Еліміздегі энергетика өндірісінің басым бөлігі өткен ғасырдың 60-70 жылдары іске қосылған. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша, ел ішіндегі энергетика активтерінің 53 пайзының тозығы жеткен. Өндіріс орындарының шығынының басым бөлігі жөндеу жұмысына жұмсалады. Қазіргі таңда станциялардың көбінің кірісі шығынынан төмен болып отыр.
«Өкінішке қарай, шекті тарифтерге салынған жөндеу науқандарына жұмсалатын шығындардың рұқсат етілген деңгейі қажеттіліктерді толық көлемде өтемейді. Электр станцияларындағы шекті тарифтерді уақтылы түзету оларды жаңғырту жұмыстарын сапалы жүзеге асыруға, сондай-ақ 2021-2022 жылдардың күзгі-қысқы кезеңінен сәтті өту және авариялық жағдайларды азайту үшін уақтылы және толық көлемде жөндеу жүргізуге мүмкіндік береді», - деді вице-министр.
Станциялардың қаржысы жеткілікті болмағандықтан техникалық ақаулар саны өскен. Атап айтқанда 2020 жылы Қазақстанның энергетикалық жүйесінде 4 458 техникалық ақау орын алған. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 11 пайызға өскенін көрсетеді.
Қ.Рахымбаевтың мәлімдеуінше, электр тарифінің өсуі көмірдің қымбаттауына дай байланысты. Өткен жылы Қаражыра көмірі 8,6 пайызға, Богатырь көмірі 9,9 пайызға өскен. Ал, оны тасымалдау шығыны 7 пайызға артқан.
Сонымен қатар, вице-министр энергия өндіруші компания қызметкерлерінің еңбекақысын көтеру қажеттігін мәлімдеді
2016 жылы Қазақстанның негізгі электр станцияларында өндірістік персоналда 26 мыңнан аса адам жұмыс істесе, 2020 жылы өндіріс көлемі 15 пайызға өскеніне қарамастан, олардың саны 23 мыңнан аспайды