Биыл 19 822 мектеп бітіруші «Алтын белгіге» үміткер болып отыр, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова мәлім етті.
- Биыл облыстық білім басқармаларының ақпараты бойынша 19 822 мектеп бітіруші «Алтын белгіге» үміткер болып отыр. Өздеріңізге белгілі, ереже бойынша «Алтын белгі» үміткерлерінің барлық жазбаша тапсырмасын облыстық білім басқармаларының жанынан құрылған тиісті комиссия қайта зерделеп, талдайтын болады. Біріншіден, барша материалды мектептің ішіндегі комиссия тексеріп, тиісті балды қойғаннан кейін, барлық жұмыс білім басқармаларына жеткізіледі. Білім басқармаларының тексеруінен өткеннен кейін, «Алтын белгілер» тиісті бұйрыққа енгізіліп, құқықтары дәлелденетін болады, - деді Ш. Каринова министрліктің аппарат жиналысында.
Бұдан бұрын хабарланғандай, соңғы қоңырау әдеттегідей 25 мамырда өткізілетін болады. Биылғы шектеу іс-шаралары ескеріліп, бірнеше формат ұсынылмақ. Біріншіден, дәстүрлі түрде ашық таза ауада 9 және 11-сынып оқушылары үшін, сондай-ақ 300-ге дейін оқушысы