Бүгін Қазақстан Парламенті палаталарының бірлескен отырысында VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясы аяқталды, деп хабарлайды Shymkentaqparat тілшісі
Палаталардың бірлескен отырысында депутаттар осы жылдың 1 қыркүйекке дейін каникул жарияланатыны туралы арнайы қаулы қабылданды.
Спикер Нурлан Нығматулин қаңтар айында өткен Парламент мәжілісі сайлауы нәтижесінде Мәжіліс құрамы 70 пайызға жаңарғаны және барлық партия депутаттары пандемияға қарамастан белсенді жұмыс істегенін атап өтті.
– Сессия барысында пандемияға қарамастан Парламент бір күнге де өз жұмысын тоқтатпады. Барлық жиын мен жұмыс топтары, комитеттердің кеңейтілген отырыстары, жергілікті әрі халықаралық кездесулерді онлайн фраматта өтті, -деді Мәжіліс Төрағасы.
Мәжілістің мәліметінше осы сессияда екі палата 24 заң жобасын қараған. Оның 15-і қаралып, қабылданған. Парламентте кезекті сессияның қорытындысы маусымның соңында шығарылады.