Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі жеке пайдалануға арналған көлік құралдары бойынша уақытша әкелу мерзімдерін ағымдағы жылдың 30 қыркүйегіне дейін ұзарту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Shymkentaqparat тілшісі ЕЭК-тің ресми интернет-ресурсына сілтеме жасап
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің айтуынша, мұндай шешім короновирустық инфекцияның таралуының алдын алу және болдырмау үшін бағытталған.
Бұл COVID-19 пандемиясы кезіндегі жұмыс туралы кеден әкімшіліктері үшін жарияланған дүниежүзілік кеден ұйымының ұсынымдарына сәйкес келеді.
Айта кетейік, өткен жылы Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2020 жылғы 29 сәуірде қабылдаған №47 шешіміне сәйкес, жеке пайдалануға арналған көлік құралдары бойынша уақытша әкелу мерзімі 2021 жылғы 31 наурызға дейін ұзартылған болатын.
–Шешім ЕАЭО Кеден кодексіне сәйкес үшінші елдерде тіркелген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын Одақ аумағына уақытша әкелуге 1 жылдан аспайтын мерзімге ғана рұқсат берілетініне байланысты қабылданды, - деді Мемлекеттік кірістер комитетінің мамандары.