Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі қызметіне Ержан Ашықбаев тағайындалды

Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі қызметіне Ержан Ашықбаев тағайындалды

Ержан Ашықбаев Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Shymkentaqparat тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Нигматоллаұлы Ашықбаев Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды", - делінген ресми хабарламада.

Ал Қазақстанның АҚШ-тағы бұрынғы елшісі Ержан Қазыханов Президенттің Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі лауазымына тағайындалды.