Қазақстанның оңтүстік өңірінде күн суытады, - деп хабарлайды Shymkentaqparat
Қазгидромет синоптиктері 20-22 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды.
- Елдің оңтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, сондай-ақ кей жерде 3 градусқа дейін аяз болады, - делінген хабарламада.
Жауын-шашынның қарға ұласуына және елдің солтүстігінде ауа температурасының төмендеуіне себеп болған Скандинавия түбегінен келген суық антициклон Қазақстан арқылы жылжуын жалғастырады.