Ауа райының бұзылуына байланысты Қазақстанның бірқатар өңірінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды Shymkentaqparat тілшісі
Қазгидромет 21 - 23 сәуір аралығына арналған болжамын жариялады.
- ҚР солтүстік жартысы антициклонның ықпалында болады, онымен байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың қалған аумағында атмосфералық фронтальды бөліктредің өтуімен, тұрақсыз ауа райының күтіледі, кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, оңтүстік – батыста найзағай, шаңды дауыл, бұршақ болуы мүмкін, - делінген ресми хабарламада.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, жел 17-22 м/с күшейеді.
Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с, Жамбыл облысында түнде көктайғақ болады.
Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Атырау облысының кей жерлерінде шаңды дауылмен бірге.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы, Қостанай, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, Алматы облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.
Шымкентте Ресей аймақтарынан циклонның жылжуына байланысты жаңбыр күтіледі. Күн райы күндіз +17+19 °C, түнде +1+3°C жылы болады. Батыстан екпіні 23 м/с болатын жел соғады. Күндіз топырақ бетерінде үсік жүреді.