Тұран ауданы Қазығұрт шағын ауданында сенбілік ұйымдастырылды. Қала аумағын көгалдандыру және экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында өткізілген жиынға қала тұрғындары мен Тұран ауданы әкім аппарытының қызметкерлері қатысты. Іс-шара барысында 3 мыңнан астам ағаш отырғызылды. Егілген көшеттер күздік маусымға арналған айлан, клен және ясин деген көшеттер. Аудан әкімінің орынбасары Аманжол Бекболдың айтуынша, алдағы уақытта бұл аймақ демалыс саябағы болады.
— Сенбілік – қоршаған ортаны қоқыс қалдықтарынан тазартып, ағаш көшеттерін отырғызып халықты ауызбіршілікке шақыратын игілікті іс екендігі айқын. Осы ретте, Қазығұрт шағын ауданындағы бос жатқан аймақты көгалдандырудамыз. Бұл жерді демалыс аймағы айландыру үшін қажетті жағдайлар жасалынады. Аудан тұрғындары таза және жасыл орта құру жолында бір кісідей үлес қосуда. -дейді Аманжол Бақытжанұлы.
Сенбілік барысында аудан бойынша 17 мыңнан астам тұрғын, 32 бірлік арнайы техника жұмылдырылыпты. Нәтижесінде ауданнан 382 тонна қоқыс шығарылған.
Шымкент келбеті