Қалаға бүгін тағы 30 000 доза ковидке қарсы вакцина жеткізілді. Қазір қалада 37 екпе егу пункті бар. Оның 14-і мемлекеттік болса, қалғандары тегін кепілдендірілген медициналық көмек аясында қызмет көрсететін жекеменшікемханалар, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Бұл туралы бүгін қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов баспасөз брифингте мәлімдеді.
Қала тұрғыны жергілікті тіркелген емханасына барып инфекцияға қарсы салдыруға мүмкіндік бар. Басқарма басшысының сөзінше екпеден алдын азамат міндетті түрде дәрігердің тексеруінен өтеді.
– Қала тұрғындарын ковидке қарсы вакцина салдыртуға шақырамыз. Өз еркімен келісім берген жағдайда, дәрігер міндетті түрде тексереді. Алда Ораза айын ескеріп, сенбі және жексенбі күндері де екпе егу пунктері қарқынды жұмыс істейді. Вакцинаға кері көрсетілімі жоқ, 18 жастан асқан әрбір тұрғын вакцина алуға ниет етсе, жеке куәлігімен тіркелген емханасына бару қажет, – деді Б.Позилов.