Әкім орынбасары тұрғындар шағымын тыңдады

Әкім орынбасары тұрғындар шағымын тыңдады

Шымкент әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов тұрғындардың арыз-шағымы бойынша Ақжар тұрғын алабында болды, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Елді мекен тұрғындары әкім орынбасарына ересектерге арналған спорттық алаңшалардың жоқтығы мен жолдардың сапасы жөнінде шағымдарын жеткізді.

Бүгінде бес мыңға жуық халық тұратын елді мекенде биыл 5 спорттық стадион мен бірқатар жол құрылыстарын жүргізу жоспарланған.

– Жалпы жол салу жұмыстары қажеттілігіне қарай жүргізілетінін түсіну керек. Мәселен, 2000 адам жүретін жол мен 200 адам жүретін жол болса, біз әлбетте көп адам жүретін, маңызды жолға басымдық береміз. Ал қалған жолдар кезең-кезеңімен, жоспарға сәйкес атқарылады,- деді М.Исахов.

Кездесу тұрғындар спорттық алаң ретінде жекеменшік иелігіндегі бос жерді пайдалануды ұсынды. Жер иесімен түсіндіру жұмысын жүргізіп, мемлекеттік бағдарлама арқылы жобаны жүзеге асырылатын болды.