Үкімет отырысы өтті

Үкімет отырысы өтті

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов селекторлық режимде өткен Үкімет отырысына қатысты. Онда күн тәртібіне сәйкес еліміздегі эпидемиологиялық жағдай, әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі жедел іс-қимыл жоспары, инфляцияның, азық-түлік өнімдері мен мұнай өнімдері бағасының өсуіне жол бермеу шаралары айтылды. Аталған мәселелер бойынша Үкіметте бірқатар нақты шешімдер қабылданды.

Осыған орай, Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында М.Әйтенов тұрғындардың вакциналау көрсеткішін 100 пайызға жеткізіп, мобильді топтардың жұмысын күшейту, үстеме және шекті бағаны өсірмеуді қатаң бақылауға алу, ішкі нарықты қамтамасыз ету, тамақ өндірісімен айналысатын кәсіпкерлерге қолдау көрсету, көмір бағасының өсуіне жол бермеу, жастар арасында жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында «Жастар практикасы» мен «Алғашқы жұмыс орны» жобаларын жүзеге асыру жөнінде тиісті басқарма басшылары мен аудан әкімдеріне нақты тапсырмалар берді.

Жаппай тәртіпсіздік кезіндегі қираған ғимараттар мен мүліктерді жедел қалпына келтіру мақсатында мемлекеттік органдардың ғимараттары мен мүліктеріне келтірілген залал сомасы анықталып, алдағы уақытта қалалық бюджетті нақтылау барысында осы шығыстарға бірінші кезекте қаржы бағыттау жөнінде айтты.