Кітапханада планетарий залы іске қосылды

Кітапханада планетарий залы іске қосылды

Шымкенттегі Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің астрономияғылымына арналған «Планетарий залы» іске қосылды, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Планетарий– бұл жұлдызды аспан, күн, ай және планеталардың кескінін жарты сфералық күмбез түріндегі экранға түсіріп көрсетуге арналған аппарат.

Әл-Фарабидің тұжырымдамасында бұл көктегі қозғалыстарды зерттеуді арифметика мен геометрия арқылы зерттеуге болады. Кітапханада іске қосылған планетарий залында келушілер орындықтарға жайғасып, жоғарыдағы экраннан ғаламшар әлемін тамашалай алады.

Бейнекөріністер орыс және ағылшын тілдерінде көрсетіледі. Алдағы уақытта оны қазақ тілінеаударма жасау жоспарланып отыр.