"Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен Шымкент қаласы полиция департаменті қызметкерлерімен бірлесе Абай, Әл-Фараби, Қаратау және Еңбекші ауданына қарасты компьютерлік ойынханаларда, түнгі уақытта үйден тыс жерлерде кәмелетке толмағандарды анықтауға бағытталған рейдтік алдын алу шараларын жүргізді.
"Қазіргі таңда жастардың және балалардың далада жүретін бос уақыты көбейді. Демалыс уақытының қайғы мен жарақатқа айналмауы өте маңызды. Сондықтан да балаларыңызға қала көшелерінде қауіпсіздік пен жол жүру ережелерін сақтау туралы ескертулеріңізді сұраймыз." - деді, орталық басшысы М.Исахов
Сонымен қатар, барлық анықталған тәртіп бұзушылық фактілері бойынша кәмелетке толмағандардың ата-аналары немесе заңды өкілдері жауапкершілікке тартылатындығын ескертіп атап өтті.