​«ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» КММ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

​«ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» КММ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысының бұйрығымен Нұркен Құрманұлы Әлімқұлов «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Нұркен Әлімқұлов — 1986 жылы Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Шаян ауылында туылған. Білімі жоғары. 2008 жылы Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін «Тарих» мамандығы бойынша , 2017 жылы Аймақтық әлеуметтік инновациялық университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген.

Өзінің кәсіби мансабын 2008 жылы бастап, осы уақытқа дейін түрлі мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық-саяси ұйымдарда жауапты қызметтер атқарып, мол тәжірибе жинақтаған.

Нұркен Құрманұлы өзінің мол тәжірибесі мен кәсіби біліктілігін «Қоғамдық келісім» КММ басшысы ретінде қолдануға мүмкіндік алды. Оның тағайындалуы этносаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты нығайтуға үлес қосуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі.