​КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІНЕ АЭС-ТІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

​КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІНЕ АЭС-ТІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ні ұйымдастыруымен қаладағы “Авиценна” жоғарғы медициналық колледжінде «АЭС – еліміз үшін жаңа мүмкіндік» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесудің мақсаты – жастар арасында атом энергетикасының маңыздылығын түсіндіру, кәсіби бағдар беру және жаңа технологияларға қызығушылықты арттыру болды.

Кезедесуге келген Жастар ресурстық орталығының мамандары колледж студенттеріне «жасыл энергетиканың» және әлемдегі атом энергетикасының артықшылықтары мен кемшіліктері туралы ақпараттарымен бөлісті. Олардың айтуынша колледж студенттері дауыс беру құқығына ие бола алмаса да, қоғамдық пікір тудыруға қауқарлы. Өйткені қоғам белсенді жастардың үніне құлақ асады.

Кездесу барысында жастарға әлемдік атом энергетикасы туралы бейнероли көрсетіліп, елімізде бейбіт атомды дамыту бағытында жасалып жатқан жұмыстармен таныстырды. Сондай-ақ жастарға АЭС құрылысы жаңа мүмкіндіктер беретінін атап өтті.

Коледж шәкірттері де талқылаудан тыс қалмай, көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, ашық пікірталас тудырды.

«Шымкент келбеті»