​КОНСТИТУЦИЯ КҮНІНЕ ОРАЙ ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

​КОНСТИТУЦИЯ КҮНІНЕ ОРАЙ ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

КОНСТИТУЦИЯ КҮНІНЕ ОРАЙ ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

30-тамыз Конституция күніне орай Еңбекші ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда мерекелік іс-шара өтті. Жиын барысында Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары Досалы Амангелдиев қала тұрғындары мен қонақтарын Конституция күнімен құттықтап, қоғам белсенділерін марапаттады.

– Маңызды мерекелердің бірі Конституция күні қарсаңында қоғам белсенділерін марапаттауды жөн көрдік. Қоғамдық жұмыстарда ешқандай ақысыз, қызмет етіп жүрген, өз істерінің маманы болған жандар қашанда құрметке лайық. Елімізде су тасқыны салдарынан зардап шеккен азаматтарға жан-жақты қайырымдылық көмек көрсеткен және ауданның экономикалық, қоғамдық-саяси дамуына белсене үлес қосқан кәсіпкерлерде елеусіз қалған жоқ. Мұндай шаралар біз үшін маңызды,-дейді Досалы Амангелдиев.

Концерттік бағдарламада облыстық филармонияның қызметкерлері өнер көрсетті.