​ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ ТАЗАЛАНДЫ

​ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ ТАЗАЛАНДЫ

Мемлекет басшысының бастамасымен «Таза Қазақстан» акциясы жарияланғалы өңірімізде көптеген сенбіліктер мен тазалық іс-шаралары ұйымдастырылды. Аталған акцияға шымкенттіктер де үлкен үлес қосып келеді. Жалғасын тапқан іс-шара бүгін барлық аудандардың жұмыла кірісуімен, қаладағы тұрғын үй алқаптары мен өзен бойларының, каналдардың тазаланумен өтті. Акция барысында Қошқар ата өзенінің бойы тағы да тазаланды.

Жұмысқа Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімінің аппаратының жұмысшыларынан бөлек, мәдениет, спорт салалары бойынша қалалық мекемелердің қызметкерлері, «Жасыл ел» жастар жасағы, еріктілерден құралған 150 -ге жуық адам қатысты. Сондай-ақ, 10 техника жұмылдырылған.

Аталған экологиялық акцияда қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев қала тұрғындарын қоршаған ортаға жанашырлықпен қаруға шақырды.

– Халқымыз «Бұлақ көрсең көзін аш» деген нақылды босқа айтпаған ғой. Қошқар ата – суы мөлдір, таза әрі шипалы өзен. Өзеннің бастау алатын тұсына барып көрсеңіз оның суы қаншалықты таза екеніне көз жеткізесіз. Бұл – Табиғат-Анамыздың бізге берген үлкен сыйы. Егер өзеннің жағалауы мен сағасын үнемі таза ұстай білсек, Қошқар атаның суы бүкіл қаламыздан осындай тап-таза, мөп-мөлдір қалпында ағып өтер еді. Бұл қаладағы экологиялық ахуалға оң әсер етеді,-К.Төлебаев.

Шымкент келбеті