Көркем гимнастикадан ел чемпионаты Шымкентте өтеді

Көркем гимнастикадан ел чемпионаты Шымкентте өтеді

18-21 мамыр аралығында көркем гимнастикадан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Чемпионатқа спорт клубтары мен мектептерінің балалары мен жасөспірімдері мамандандырылған олимпиадалық резерв мектебінің оқушылары қатысады.

Аталған ел біріншілігіне еліміздің барлық аймағынын 52 команда қатысады деп жоспарланған. Жекелей сайыс бойынша 250 қаттысушы, ал топтық жаттығуда барлық санат бойынша 61 команда бақ сынайды.

Айта кетейік, республикалық чемпионат санитарлық талаптарды сақтай отырып, көрермендерсіз өтеді.