«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Партиялық бақылау комиссия мүшелері Сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша бекітілген Жол картасындағы тармақтардың орындалу мақсатында Құрсай мөлтек ауданында орналасқан «110 МВт «Ақжар» қосалқы станциясының құрылыс жұмысымен танысты. Мониторинг жұмыстарына Партиялық бақылау комиссия төрағасы Ғ.Ташқараев, комиссия мүшелері С. Турсынбеков, Ғ.Ахметбаев, Б.Есимова, Э.Созақбаева және Партиялық бақылау инспекторы А.Әбілдаева қатысты. Аталған нысанның құрылысы 2023 жылы басталып қазіргі таңда жобаның құрылыс жұмыстары 75%-ға аяқталған. Жоба іске қосылған кезде 70 мыңнан аса абонентті электрожарығымен қамтамасыз етеді. Оған қоса «Дала транс» және «Кока кола» зауыттарын электр қуатымен қамтамасыз ететін болады.
Жалпы бұл жобаның құны 7,6 млрд теңге. Игерілгені 6,4 млрд теңге. 317 млн теңге 2024 жылға қаралып тұр.Ағымдағы жылдың 4-тоқсанында нысаның құрылысы толық аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.