​КВИ: Шымкентте 212 нысанға тексеріс жүргізілді

​КВИ: Шымкентте 212 нысанға тексеріс жүргізілді

Күні кеше, жиырмасынша маусымда арнайы құрылған 20 мобильдік топ Шымкенттегі 212 кәсіпкерлік нысанның карантиндік талаптарды қаншалықты сақтауын тексерді, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Тексеріс нәтижесінде 8 нысанда заңбұзушылықты анықтаған.

Санитарлық-эпидемиологиялық талапты бұзғандарға әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Үшінші мегаполисте өткен тәулікте 59 адам коронавирус індетін жұқтырған (белгілері бар - 34, белгілері жоқ – 25). Оның 13-і инфекциялық стационарға жатқызылып, 46 адам үй бақылауына алынды.

Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1 276 орын бар. Төсек орын толымдығы 26%-ды құрап, 938 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 338 науқас емделуде (КВИ-171, пневмония-167, ЖРВИ-0), жансақтау бөлімінде – 12.

Осы күнге дейін 462 487 адамнан ПТР сынамасы алынған, оның ішінде соңғы тәулікте - 1094.

Сондай-ақ, бір тәулік ішінде қалада 2 354 адам вакцина алды (I компонент-1423, II компонент-931). Егу науқаны басталғалы барлығы 228 356 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 132 259 адам вакцинаның екі компонентін алды.