Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданында таңмен таласа тазалық жұмыстары басталып кетті. Көктемде бастау алған "Таза Қазақстан" акциясы аясында әр апта сайын жүргізілген жұмыстың нәтижесінде қала қоқыссыз қалаға айналып, шырайлана түскендей.
Өйткені бұл шара тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау, және қаланың тазалығын сақтауға бағытталған. Акция барысында еріктілер, жергілікті тұрғындар, сондай-ақ аудан қызметкерлері қатысып, қоғамдық орындарды, көшелерді, саябақтарды және басқа да аумақтарды тазалау жұмыстарын атқарды.
"Мұндай шаралар қоршаған ортаны қорғауда, экологиялық жағдайды жақсартуда және қала тұрғындарының жауапкершілігін арттыруда үлкен рөл атқарады. Қаланың тазалығы мен көркіне оң әсерін тигізуде. Тұрғындар арасындағы бірлік пен ортақ жауапкершілікті нығайтуда" дейді тұрғындар.
Иә, "Таза Қазақстан" науқанына Әль-Фараби ауданының тұрғындары да белсене атсалысты. Әр тұрғын өз ауласын тазалап, айналасын ретке келтіруге атсалысты. Ұйымдастырылған науқан аясында көршілер бірігіп, қоғамдық аумақтарды да тазалап, бір-біріне қолдау көрсетті.
Шара аясында 15 шақты арнайы техника 200-ге жуық адам жұмылдырылды.
"Шымкент келбеті"