Әл-Фараби ауданында «Әр отбасынан бір ағаш» акциясы жалғасын табуда. Бүгін ауданда сенбілік жұмыстары Орманов, Диваев көшелерінде өтті. Тазалық шарасында аудан әкімдігі аппаратының қызметкерлері, үй басқарушылары және тұрғындары бірлесе 200 түп айлант ағашының көшеттерін отырғызды.
Сондай-ақ, аудан аумағында басты көшелердің бойында санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді. Сенбілік жұмыстары әр апта тұрақты түрде өткізілетін болады.