Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары Смайлов Балтабай Оспанұлы ауданның белсенді жастарымен кездесті.
Кездесу барысында Әл-Фараби ауданындағы жастар саясатын жүзеге асыру барысы туралы баяндалды.
Аудан әкімінің орынбасары жастар арасында қозғалып жүрген өзекті мәселелер мен ұсыныстарды тыңдады. Жастар талқылауда белсенділігін көрсетіп, көптеген ұсыныстар мен пікірлер айтылды.
- Қала бойынша үлкен бір еріктілер ұйымын ашып, барлық еріктілер ұйымы сол ұйыммен бірлесе жұмыс жасау;
- Саябақтарда жастарға арналған мәдени концерттер ұйымдастыру;
- Аудан жастары әр ай сайын қарттар үйінде, балалар үйінде, саябақтарда тазалық жұмыстарын ұйымдастыру;
- Тарихи мұражайларға экскурция жасау.
Балтабай Оспанұлы Әл-Фараби аудан әкімі аппаратының ғимаратымен жастарды таныстырып, Әл-фараби ауданының құрылуын және тарихын кеңінен таныстырып өтті.
Мегаполис жастары бүгінгі күн мен болашаққа нық сеніммен қарауы жəне жан-жақты жарасымды жетілуіне, қаламызды дамуына, көркейуіне жастардың ерекше қолдауы және жауакершілігі жоғары екендігін айтып, жастардаң барлық оң бастамаларын қолдайтынын жеткізді.