Еркін күрестен Будапештте өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржыны бір күміспен толықты, деп хабарлайды Shymkentaqparat тілшісі Olympic.kz-ке сілтеме жасап
«55 келіде белдескен Нұрланбек Әбдінұр финалда ресейлік Могамед Байтукаевпен кездескен болатын. Тартысты белдесуде 4:3 есебімен ресейлік балуан жеңіске жетті», - делінген хабарламада.
Ал 48 келідегі Нұрданат Айтанов пен 110 келідегі Әлихан Құсайынов әлем чемпионатының қола жүлдесіне таласады.