Әлем рекордшысы Шымкентте түйе көтерді

Әлем рекордшысы Шымкентте түйе көтерді

Спатаев Тимур Даулетбақұлы Шымкент қаласында Қажымұқан Мұңайтпасұлының туғанына 150 жылдығына орай, 400 килограммға жуық Түйе көтерді, деп хабарлайды Shymkentaqparat тілшісі


Тимур Даулетбақұлы - Күш атасы даңқты Қажымұқанның ізін жалғастырып, өнерін паш етіп жүрген қол күрестен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия чемпионы, Қазақстан Республикасының 5 дүркін чемпионы, Әлем рекордшысы Франция, Германия, Өзбекстан, Тюмен қалаларында өнер көрсеткен.

Іс-шараның негізгі мақсаты - Күллі түркі жұртына ортақ болған балуанның әлемге танытқан өнерін дәріптеу, келер ұрпаққа насихаттау және батыр бабамыздың рухына тағзым жасау.

Айта кетсек, Қазақтың қара күш иесі Қажымұқан Мұңайтпасұлы – Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан. Тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен халқын бірінші болып өзге жұртқа паш еткен.

Сонымен қатар, күрестің бірнеше түрінен Әлем чемпионы атанған қазақ алыбы.Теңдесіз өнерімен жер шарын аралап, 54 мемлекетте күреске түсіп, 48 медаль олжалаған.

Орасан күштің иесі өмірінің соңғы жылдарын Ордабасы ауданында өткізіп, Темірлан ауылының іргесінде жерлегені белгілі.