Әлеуметтік маңызы бар 13 тауар белгіленген бағада сатылады

Әлеуметтік маңызы бар 13 тауар белгіленген бағада сатылады

Шымкенттегі  «ГраМад» сауда желісінде әлеуметтік маңызы бар 13 тауар белгіленген бағада сатылуда. Мәселен, арзандатылған тауарлар қатарында нан – 90 теңге, шекер – 410 теңге, пияз – 180, ас тұзы 48 теңге, қырыққабат 80 теңге деп белгіленген.

Жалпы қалада 19 «ГраМад», 31 «Магнум» сауда желісінде тауарлардың әлеуметтік бағасы бекітілген. 100-ден астам сауда нысанымен келісім жасалған.

Қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Жандос Ханиевтің айтуынша, бірінші қажетті азық-түлік тауарларының бағасы тұрақты бақылауда. Жергілікті кәсіпкерлермен 1 жылға келісімшарт түзіліп, оларға айналым қарыз қаражаты берілген. Комиссия шешімімен әр тоқсан сайын нарықтағы бағалар зерделенеді. Әлеуметтік бағалар әр тоқсанға бекітіледі.