ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІП ЖҮРГЕН ҰСТАЗ
Сейлбекова Күлімхан Каналбайқызы- З.Космодемьянская атындағы 23 мектеп-лицейінің музыка пәні мұғалімі.
Педагог-шебер.Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері.Білікті ұстаздың шәкірттері қалалық,Республикалық,Халықаралық байқаулардың жеңімпаздары.Бірнеше партриоттық әндердің авторы.
Сабақ барысында «біртұтас тәрбие» ұлттық құндылықтарға басымдық беріп,оқушылардың сабаққа қызығушылығын одан әрі арттырады. Домбыра,фортепиано,сазсырнай,шаңқобыз аспаптарында еркін ойнайды.
Қалалық,Республикалық семинарларда үздіксіз озық тәжірибесімен бөлісіп отырады.
Соның бірі ҚР Оқу-ағарту Министрлігіне қарасты Астана қаласы Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткізілген Республикалық авторлық бағдарлама негізінде тәжірибені тарату вебинарына қатысып,тәжірибесімен бөлісті.
Сондай-ақ, Рухани жаңғыру бағдарламасы бойынша жарық көрген ,,Өлкетану’’оқулығының музыка бөлімінің авторы. 2024 жылы оның «Музыка сабағында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жасаудың тиімді әдістері» атты авторлық бағдарламасы Республикалық Сараптамалық кеңесінен өтіп,мақұлданды.
Ұстаздық салада жүріп жеткен жетістіктері де бар. Мысалы, 2020 жылы –«Тұрыңыздар,келе жатыр мұғалім» атты республикалық талантты педагогтар байқауының үздігі болып танылған «Шығармашыл ұстаз» номинациясы «Дәстүрлі ән» жанрының жеңімпазы, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Дипломы мен Бас жүлдесіне ие болды.
2020 ж. Жұлдыз» продюсерлік орталығы шығармашыл жастар халықаралық байқауы «Жарқырай түс-жас жұлдыз», балалар шығармашылығын дамыту жолындағы еңбегі мен кәсіби шеберлігі үшін– Құрмет дипломын алды.
#ЖҰМЫСШЫ_МАМАНДЫҚТАР_ЖЫЛЫ #ЕҢБЕК_АДАМЫ_2025