Қазақстандық ЖОО-ларға магистратураға түсу үшін кешенді тест тапсыруға өтініштер 1 маусымда қабылдана бастайды, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінен мәлімдеді.
- Магистратураға кешенді тестілеуге өтініштер ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы 1 маусым - 15 шілде аралығында қабылданады. Кешенді тестілеудің қорытындысы бойынша куәлік электронды түрде тестіленушінің жеке кабинетіне жіберіледі, - деді ведомстводан.
Магистратураға кешенді тестілеу 20 шілдеде басталып, 10 тамызға дейін жалғасады. Араб тілі бойынша және шығармашылық емтихандар 16-25 шілде аралығында өтеді.
Магистратураға қабылдау 28 тамызда аяқталады. Бұған дейін хабарлағанымыздай, биыл бакалавриатқа – 51 500, магистратураға 13 500 грант бөлінеді.